ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Шарбақты жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Шарбактинская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Шарбақты а.
+7 (718) 392 44 08
sharbakty@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Шарбақты жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Шарбактинская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

WhatsApp Image 2026 06 03 at 09.48.44WhatsApp Image 2026 06 03 at 09.50.01

WhatsApp Image 2026 06 03 at 09.14.56 1WhatsApp Image 2026 06 03 at 09.14.56 1

 2026 жылдың 23 мамыр күні Шарбақты мектебі өзінің 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өткізді. Мерекелік кешке ұстаздар қауымы, ардагер педагогтер, әр жылдардағы түлектер, оқушылар, ата-аналар мен құрметті қонақтар қатысты.
Мерейтой иелерін Аққулы ауданы әкімі Руслан Берекелинович Мұқанов арнайы құттықтап, білім ордасының ауданның білім саласындағы ерекше орнына тоқталды. Ол мектеп ұжымына шығармашылық табыс, шәкірттеріне биік жетістіктер тілеп, білім беру ісіне қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Іс-шара барысында аудан әкімі мектепке теледидар алуға арналған сертификат табыстады.
Сонымен қатар, «Мектепке тағзым» акциясы аясында әр жылдардағы түлектер туған мектептеріне құрмет көрсетіп, жалпы құны 12 000 000 теңгені құрайтын сыйлықтар тарту етті. Түлектер мектептің олардың өмірінде ерекше орын алатынын айтып, ұстаздарына ризашылықтарын жеткізді.
Мерекелік кеш барысында мектеп тарихы мен жетістіктері таныстырылып, оқушылардың шығармашылық өнерлері көрсетілді. Қонақтарға әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылып, ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.
60 жылдық мерейтой — мектеп тарихындағы маңызды белес қана емес, ұрпақтар сабақтастығының, ұстаз еңбегіне деген құрметтің және туған мектепке деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі болды.

 

© 2026. Все права защищены.