ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Шарбақты жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Шарбактинская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Шарбақты а.
+7 (718) 392 44 08
sharbakty@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Шарбақты жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Шарбактинская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

 

 

2025-2026

Тәрбие жоспары 2025-2026

Досболайық жоспар 2025 2026

Приказ Біртұтас тәрбие

Приказ Адал азамат 

 f1f9b354 95bf 46f6 a2cb 144af85a7e83

1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын! 📚🎉

Шарбақты ЖОББМ-де “Мектебім мейірім мекені” атты білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жаңа оқу жылы – жаңа бастамалар мен үміттердің, ізденіс пен жетістіктердің бастауы.
Бұл күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары үшін үлкен өмір жолының алғашқы парағы ашылады.

Салтанатты жиынға Аққулы аудан әкімі Муканов Руслан Берекеліұлы қатысып, оқушыларға алдағы оқу жылына сәттілік тілеп жылы лебізін білдірді.

Барлық ұстаздарға шығармашылық табыс, оқушыларға білімге деген құштарлық, ата-аналарға қуаныш пен мақтаныш тілейміз.
Жаңа оқу жылы әр шаңыраққа береке, елімізге мол табыс әкелсін!

Білім күні құтты болсын! 🇰🇿✨

WhatsApp Image 2026 05 29 at 10.03.28

Соңғы қоңырау — балалықпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басар ерекше сәт…
Бүгін Шарбақты ЖОББ-мектебімізде «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.
Түлектер үшін бұл — жүректе мәңгі сақталатын естелікке толы күн. Ұстаздарға алғыс айтылып, мектеп қабырғасындағы қызықты сәттер еске алынды.
Қадірлі түлектер!
Алдағы өмір жолдарыңыз ашық, армандарыңыз асқақ болсын!
Ақ жол тілейміз!

WhatsApp Image 2026 06 02 at 09.20.40WhatsApp Image 2026 06 02 at 09.28.55

«Ұстаз жүрегінде – шәкірт тағдыры»
Ұстаздық — ұлы жол. Осы жолда 40 жылға жуық саналы ғұмырын сарп етіп, мыңдаған шәкірттің санасына білім нәрін сепкен математика әлемінің шебері, ардақты ұстаз және асыл ана Тұрсын Сүлейменқызының өмір жолы — кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.
1974 жылы Павлодар педагогикалық институтын бітіріп, өзі оқыған Шарбақты орта мектебінде 33 жыл табанды еңбек етті. Кейін Ақсу қаласындағы Қ. Шүлембаев атындағы мектепте ұстаздық қызметін абыроймен жалғастырды. Бірінші біліктілік санатындағы маманның еңбегі көптеген грамоталармен еленіп, 2012 жылы зейнет демалысына шықты.
Тұрсын апай тек мықты маман емес, 1977 жылы Сәлім Аймолдинмен шаңырақ көтерген үлгілі ана, аяулы жар болды. Бүгінде тәрбиелеген 3 баласы қоғамда абыройлы еңбек етуде, ал 5 немересі, жиені мен шөбересі — өмірінің нұрлы жалғасы.
💬 Шәкірттер алғысы — шексіз қазына:
• 1981 жылғы түлектер: «Ол бізді жауапкершілікке баулыған, әділ де талапшыл ұстаз болды».
• 1987 жылғы түлектер: «Тұрсын апай біз үшін екінші анамыздай еді, оның мейірімі бізді біріктірді».
• 2001 жылғы түлектер: «Оның сабақтары жүйелі өтетін. Бізді біліммен қатар мәдениет пен тәртіпке тәрбиеледі».
• 2007 жылғы түлектер: «Ұстазымыздың бізге сенген сенімі бізді әлі күнге алға жетелеп келеді».
✨ 2016 жылы Тұрсын апай арамыздан кетсе де, оның есімі жүректерде мәңгі қалмақ.
Осыған орай, Шарбақты орта мектебінің 60 жылдығы қарсаңында әр жылғы түлектер аяулы ұстаздың рухына тағзым ретінде «Математика» кабинетін жаңа технологиялармен жабдықтады. Бұл бастамаға Тұрсын Сүлейменқызының шәкірттері түрткі болды.
Жаңарған кабинеттен Тұрсын апайдай парасатты, терең білімді және Отанын сүйетін тұлғалар тәрбиеленіп шығатынына сеніміміз кәміл.
🕊️ Ғазиз бейнесі көңілде, еңбегі ел есінде!
Құрметпен, 1981, 2001 жылдары Шарбақты ОМ ұшқан түлектері.

WhatsApp Image 2026 06 02 at 09.21.40

«Мектепке тағзым» акциясы аясында 1968 жылы туған, 1985 жылғы 20-түлектері бастауыш сынып кабинеттерін жаңартуға үлес қосып, мектепке ролл штор мен шкафтар сыйлады.
Туған мектепке деген құрмет — ұрпаққа үлгі.
Жасаған жақсылықтарыңыз шәкірттер игілігіне айналсын!
Істеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

WhatsApp Image 2026 06 02 at 09.21.16

Шарбақты жалпы орта білім беру мектебінің 1983 жылғы қазақ сынып түлектері білім ордасына деген құрметтерін білдіріп, математика кабинетіне заманауи ролл шторларын сыйға тартты.

Мектебіміздің көркеюіне үлес қосып, шәкірттерге жайлы орта қалыптастыруға атсалысқан түлектерімізге алғысымыз шексіз!
Ізгі істеріңіз бен мектепке деген жанашырлықтарыңыз кейінгі ұрпаққа үлгі болсын!

 

 

WhatsApp Image 2026 05 29 at 10.13.57

"Мектепке тағзым" акциясы бойынша 45 жыл толған 1981 жылғы мектеп түлектері бастауыш сыныпқа ерекше сый жасады. Сынып бөлмесіне заманауи ролл перделер, ақпараттық стенд және де екі шкаф тарту етілді.

WhatsApp Image 2026 05 26 at 09.44.24 4

"Мектепке тағзым" акциясы бойынша 2012 жылғы мектеп түлектері білім ордасына дүниежүзілік карта сыйлады.

WhatsApp Image 2026 05 26 at 09.44.19

"Мектепке тағзым" акциясы бойынша  2019 жылғы мектеп түлектері білім ордасының ағылшын тілі кабинетінің жабдықталуына стенд сыйлады.

 

WhatsApp Image 2026 05 26 at 09.44.23

«Дәм мен дәстүр» байқауында — І ОРЫН! 🇹🇷

Мектебіміздің оқушысы Құсайын Дінмұхаммед пен анасы Алмагуль Балтабаевна «Дәм мен дәстүр» атты байқауға қатысып, Түркия елінің салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениетін жоғары деңгейде таныстырып, жүлделі І орынды иеленді.

Қатысушылар түрік халқының әдет-ғұрпы, ұлттық тағамдары мен мәдени ерекшеліктерін ерекше шеберлікпен көрсете білді. Көрермендер мен қазылар алқасы олардың шығармашылығына, дайындығына және сахналық мәдениетіне жоғары баға берді.

Осы жетістіктің нәтижесінде Құсайын Дінмұхаммед пен Алмагуль Балтабаевна облыстық «Ертіс» телеарнасына арнайы сұхбатқа шақырылды.

WhatsApp Image 2026 05 29 at 09.49.52

"Мектепте тағзым" акциясы бойынша 2013 жылғы түлектер мектебіміздің бастауыш сынып кабинетіне жаңа стенд пен ролл перделер тарту етті. Бұл сый мектепке деген ыстық ықылас пен шексіз ризашылықтың айқын көрінісі. Осындай игі бастамалардыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

 

 

WhatsApp Image 2026 05 26 at 09.44.24 2

ҰОС ардагері, Баянауыл ауданының құрметті азаматы Рымтай Ізбазтиннің еске алуға арналған республикалық турнирде Шарапхан Расул 50 кг салмақ дәрежесінде Жеңімпаз атанды. Жоғары оқу орнына грант және ақшалай марапатқа ие болды.

WhatsApp Image 2026 05 26 at 09.44.20

"Мектепке тағзым" акциясы бойынша 2020 жылғы мектеп түлектері білім ордасының география кабинетінің жабдықталуына стенд сыйлады.

 

 

WhatsApp Image 2026 05 26 at 09.44.23 1

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДӘРІПТЕЛГЕН
ЖАРҚЫН КЕЗДЕСУ

Облыстық “ERTIS” телеарнасында өткен кезекті түсірілім ұлттық мәдениет пен дәстүрді насихаттауға арналды. Шараға Шарбақты орта мектебінің 3сынып қыздары қатысып, өз өнерлерін көпшілікке паш етті.Шарбақты орта мектебінің оқушылары «Ұлттық шеру» , "Ұлттық би" номинациясында жоғары нәтиже көрсетіп, қазақтың ұлттық киімдерін, ұлттық биін дәріптеу арқылы жеңімпаз атанды. Аталған топ құрамында Асылбек Айсана, Қоғобай Айсана, Төлеутай Бағым, Төлеген Наима, Абдешова Нармин, Тілеубердіқызы Айтолқын сынды өнерлі оқушылар бар. Олардың шығармашылық жетекшісі, білікті хореограф Қогобаева Айнур Ерматовна оқушылардың сахна мәдениеті мен эстетикалық талғамын қалыптастыруда үлкен еңбек сіңіріп келеді.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, мәдени мұраны насихаттауға зор мүмкіндік береді. Оқушылар үшін бұл тек өнер көрсету алаңы ғана емес, сонымен қатар тәжірибе жинақтап, өз қабілеттерін дамытуға берілген үлкен мүмкіндік болды.

 

WhatsApp Image 2026 05 26 at 09.44.23 2

"Мектепке тағзым" акциясы бойынша 1994 жылғы мектеп түлектері білім ордасының ағылшын тілі кабинетінің жабдықталуына шкаф пен ролл перделер сыйлады.

 

WhatsApp_Image_2026-04-15_at_09.13.10_1.jpg

Ертіс ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қыздар арасындағы волейболдан 2014-2015 ж.ж. және одан да кіші қыздар арасындағы ашық біріншілігінде Аққулы ауданы 3-орынға ие болды.

 

 

WhatsApp Image 2026 04 08 at 09.17.21 1WhatsApp Image 2026 04 08 at 09.17.21

Аудандық "Mega Dance-2026" балалар хореографиялық байқауында I-орын иеленгені үшін Шарбақты ЖОББМ марапатталды.
Жетекшісі: Когобаева Айнур Ерматовна

 

WhatsApp Image 2026 03 30 at 14.52.41

Аудандық "Ақ шағала -2026"

балалар хореографиялық байқауының I-орын иегері

Шарбақты ЖОББМ марапатталды.

Жетекшісі:Когобаева Айнур Ерматовна

WhatsApp Image 2026 03 30 at 10.06.35WhatsApp Image 2026 03 30 at 10.05.51WhatsApp Image 2026 03 30 at 10.05.15WhatsApp Image 2026 03 30 at 10.05.00

WhatsApp Image 2026 03 30 at 10.05.07WhatsApp Image 2026 03 31 at 09.49.39

WhatsApp Image 2026 03 31 at 09.49.49

 

WhatsApp Image 2026 03 31 at 09.31.53

*Қиіз өнері жаңа көзқарас: Еркеайымның <>-тегі сұхбаты*

«Талшықтан туған өнер» тақырыбы аясында киіз басу әдісін имитациялау арқылы орындалған шығармашылық жұмыс бойынша бүгін облыстық ERTIS телеарнасына арнайы сұхбат берілді.

Сұхбатқа Шарбақты мектебінің 7-сынып оқушысы Нұрлан Еркеайым және оның анасы Кусаинова Айгерим Умлатовна қатысты. Жас өнерпаз өз жұмысында ұлттық қолөнердің бірегей түрі киіз басу өнерін заманауи тәсілмен жаңғыртып, талшықты материалдарды қолдану арқылы ерекше туынды ұсынған.

Сұхбат барысында Еркеайым өз шығармасының идеясы, орындалу техникасы және жұмыс барысындағы ізденістері туралы баяндап берді. Ол киіз басу әдісін имитациялау арқылы дәстүрлі өнерді жаңаша қырынан көрсетуді мақсат еткенін атап өтті. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен қолөнерге деген қызығушылықты арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Анасы Кусаинова Айгерим Умлатовна қызының шығармашылығына әрдайым қолдау көрсететінін айтып, ұлттық өнерді ұлықтау ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай жобалар жасөспірімдердің талғамын қалыптастырып қана қоймай, еңбекқорлық пен шыдамдылыққа баулиды.

Облыстық телеарнаға берілген сұхбат жас дарынның еңбегін көпшілікке таныстыруға мүмкіндік беріп, ұлттық өнерді насихаттауға өз үлесін қосты. Осындай шығармашылық бастамалар өскелең ұрпақтың рухани дамуына серпін беріп, қазақтың дәстүрлі қолөнерін жаңғыртуға жол ашады.

WhatsApp Image 2026 03 31 at 09.43.07WhatsApp Image 2026 03 31 at 09.43.07

WhatsApp Image 2026 04 08 at 10.21.58

 

«Мектепке тағзым» акциясы аясында 2018 жылғы мектеп түлектері білім ордасына ұлттық өнеріміздің символы – домбыраны сыйға тартты.

Түлектердің бұл игі бастамасы – мектебімізге деген шынайы құрмет пен ризашылықтың айқын көрінісі. Көрсеткен қолдауларыңыз бен жанашырлықтарыңыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Құрметті 2018 жылғы түлектер! Сіздердің игі істеріңіз – жас ұрпаққа өнеге, ал мектеппен байланыстарыңыздың үзілмегенінің жарқын дәлелі. Ұлттық құндылықты дәріптеген бұл сыйлық – рухани мұрамызды жаңғыртудың тамаша үлгісі. Еңбектеріңіз жемісті, өмірлеріңіз нұрлы да шуақты болсын!

2

8 “ә” сыныбы «Менің туым» акциясы.

3

Шарбақты мектебінің 9 сынып оқушыларымен «Конституция – еліміздің басты заңы» атты тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сабақ мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету.
Конституциямыз туралы білімдерін бекіту мақсатында додекаэдр көмегімен сұрақтар қойылды. Оқушылар Қазақстанның жетістіктері туралы, мемлекеттік рәміздер туралы, патриотизм және жалпы адамзаттық құндылықтар туралы әңгімеледі.
Сынып жетекшісі: Нуртазина Ж.Н.

4

Жас өнертапқыштар мен өнерпаздар “ERTIS” арнасында

9 қыркүйек күні “ERTIS” телеарнасының таңғы эфирінде Шарбақты орта мектебінің 8-сынып оқушылары өздерінің ерекше жобаларымен көрермендерді таңғалдырды. Бұл шығармашылық әрі танымдық бағдарламада оқушылар ұлттық мұра мен заманауи өнерді үйлестіре отырып, өздерінің дарынын көрсетті.

Бағдарлама барысында Болатбек Айтөре “Асыл көже” дайындау рәсімін ұсынды. Ол көрермендерге ежелгі ұлттық тағамның дайындалу жолын ғана емес, оның тарихы мен маңызын да әсерлі түрде жеткізе білді. Бұл бастама жастардың ұлттық дәстүрге деген құрметін айқын көрсетті. Жетекшісі: Каскирбаева А.К

5

Шарбақты мектебінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие жобасы және ата-аналарды қолдау орталығының жоспарына сәйкес “Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Өткізген: Сеилхан Б.М., Нуртазина Ж.Н., психолог Турганбекова Т.Т.

 

6

Шарбақты ЖОББМ-де оқушыларға адалдық пен сенімділікті дәріптеу мақсатында «Адалдық дүкені» жұмысын бастады. Бұл дүкенде сатушы болмайды, әрбір оқушы өзі қажет затын алып, тиісті ақшасын арнайы жәшікке салады.
Мақсат – балалардың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыру. Адалдық дүкені – сенім мен парасаттылықтың символы.
Біз сенеміз, жас ұрпақ адалдықты өмірлік ұстанымына айналдырып, қоғамға пайдалы азамат болып өседі. 🌿✨

7

“Қауіпсіздік апталығы” аясында аққулы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және № 18 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен “қауіпсіздік сабақтары” өткізілді, оның барысында мамандар эвакуация жүргізіп, өрт қауіпсіздігі ережелері, Төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар туралы айтып берді, күнделікті өмірде сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салды, сондай-ақ жаңа шаралардың басталуымен құттықтады оқу жылы.

В рамках «неделя безопасности» сотрудниками Отдела по чрезвычайным ситуациям района Аққулы и пожарной части №18 были проведены «Уроки безопасности», в ходе которого специалисты провели эвакуацию и рассказали о правилах пожарной безопасности, действиях при возникновении чрезвычайных ситуаций, напомнили о важности соблюдения мер предосторожности в повседневной жизни, а также поздравили с началом нового учебного года.

8

“Жол ережесін сақтау” бойынша учаскелік полициясымен , жастар нұсқаушысы алдын алу жұмысын жүргізді. “Алаяқтар” “Буллинг “ ,бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.

9

Ұлағатты ұстазға тағзым – ұрпақтан ұрпаққа аманат

Ұстаз – мәңгілік шырақ жаққан дана жан. Ұзақ жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп, жүрек жылуын аямай төккен ұлағатты ұстаз әрі сүйікті сынып жетекші бола алған марқұм Альтаева Шакарбану Мынтаевна – біз үшін әрдайым ерекше құрметке лайық жан.

Осы орайда, 2005 жылғы мектеп түлектері ұстазымыздың рухына тағзым ете отырып, «Мектепке тағзым» акциясы аясында туған мектебімізге ұлттық нақыштағы құнды дүниелерді тарту етті:

- Киіз үй
- Жер үстел
- Құрақ көрпе
- Ағаш астау (табақ)

Бұл сыйлықтар – өскелең ұрпаққа ата-бабамыздың асыл мұрасын дәріптеуге арналған, тәрбиелік мәні зор дүниелер.
Жалпы құны – 450 000 теңге.

Біз ұстазымыздың аманатын, мектебіміздің мерейін әрқашан биік ұстауға дайынбыз.
Марқұм ұстазымыздың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

Құрметпен, Шарбақты орта мектебінің 2005 жылғы түлектері

 

 

 

 

Тәрбие жоспары 2023-2024 оқу жылы

 Даналық мектебі жоспар

«ТОҒЫЗ_АЙҒА_9_ІС_ШАРА»_ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Тәрбие тұжырымдама

 WhatsApp Image 2024 09 03 at 10.22.26     WhatsApp Image 2024 09 03 at 10.22.25

 

Шарбакты 1, 11 сынып оқушыларымен "Полиция және балалар" атты іс-шара өтті. Шарбақты ауылының учаскелік полицейі
Кунанбаев Жумажан Талгатович

 

 

WhatsApp Image 2024 08 26 at 11.28.52 1

 

WhatsApp Image 2024 08 26 at 11.28.52

 

WhatsApp Image 2024 08 26 at 11.28.53

 

WhatsApp Image 2024 08 26 at 11.28.54 1

 

WhatsApp Image 2024 08 26 at 11.28.54

WhatsApp Image 2024 08 26 at 11.28.55

 

WhatsApp Image 2024 08 26 at 11.28.56 1

 WhatsApp Image 2024 08 26 at 11.28.56

WhatsApp Image 2024 08 26 at 10.52.03 2

WhatsApp Image 2024 08 26 at 10.52.03 1

WhatsApp Image 2024 08 26 at 10.52.02 1

WhatsApp Image 2024 08 26 at 10.52.02

WhatsApp Image 2024 08 26 at 10.52.01 4

WhatsApp Image 2024 08 26 at 10.52.01 3

WhatsApp Image 2024 08 26 at 10.52.01 1

 

WhatsApp Image 2024 08 26 at 10.52.01

 WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.08.49 1

WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.08.50

WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.08.46 3

 

 

WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.06.51

 

WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.06.52 1

 

WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.06.52

 

WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.08.45

 

WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.06.53

 

WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.06.54

 

WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.08.46 1

 

WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.08.46 2

 

 

 

WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.08.46

 

WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.08.47 1

 

WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.08.47

WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.08.48

 

 

WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.08.49

 

 

 

db987069 a7e5 4e6e 94a2 00c6ddd8c027

 

акт

 

"Ақ шағала" аудандық, фестиваль-байқаунда
"Эстрадалық би" номинациясы бойынша 1-
орын аланы үшін Шарбакты мектебі
марапатталды.
Жетекшісі: Когобаева А.Е.

 

 

 

8c844578 e26d 414d 8084 ecc5d05a1f71

Ғылыми жоба аясында
"Казакстан - 2050 Стратегиясына естелік пойызы"
"Енбек Кызыл Ту" орденнінін кавалері, "Енбек уздігі ушін" тос белгісінін иегері Жоламан
Калымовты еске алу арнал ан аудандык "Улттык
Мектеп Лигасы" спартакиадаснын 2 кезені
аясында Гандболдан 7-8 сыныптар арасында
КЫЗДАР
1 орын ШАРБАКТЫ
2 орын МАЛЫБАЙ
3 орын АККУЛЫ
†ЛДАР
1 орын ШАРБАКТЫ
2 орын АККУЛЫ
3 орын МАЛЫБАЙ
Главный тренер :Кусаинов E.H

 

WhatsApp Image 2024 05 23 at 11.06.10

 

23551210 aff2 45d0 b334 41a71f45d3d3

Aккулы ауданынын Шарбакты
орта мектебінін 9-11-сынып окушылары арасында
17.01.2024 куні "Ерлік сагаты" откізілді.
Шарара арнайы келген учаскелік полиция инспекторы Кунанбаев Ж.Т. полиция кызметкерінін ерлік пен енегеге толы ерекше енбегі жайлы ,ерлік достурлер жайлы энгімелеп,окушылардын
сурактарына жауап айтты.
Шараны уйымдастыр ан АЭТД окытушы-
уйымдастырушысы: С.О.Турганбек.

 

175c6366 db05 4b2d b774 585ca9e8fa09

 

«Bala business»
Білім белімі эдістеме кабинетінін жоспарына сайкес бугін облыстык «Bala business» конкурсынын аудандык іріктеу кезені Бескара ай жалпы орта білім беру мектебінде еткізілді.
Конкурс максаты: Омір сапасын дамытуга багыттал ан окушылардын элеуметтік манызды бизнес-жобаларын іздеу жане эрі карай дамыту.
Конкурс міндеттері: балалар мен жастардын элеуметтік-шыгармашылык белсенділігін, ездігінен жетілдіру мен ездігінен даму кажеттілігін дамыту; бастамалар мен инновациялык стартаптардын іске асыруына арналган аландар; бизнес белсенділік жэне бизнес жобалау дагдыларын дамыту.
Конкурс натижесі бойынша 1 орына Аккулы ауылынын жалпы орта білім беру мектебінін жас касіпкері Жантен Аружан ие болды.
2 орынка: Иманкулова Анель, Садуакас Сатыбалдин
ат.ОМ; Айгожина Айлара, Шака ОМ.; 3 орынга:
Бекболаткызы Айымгул, Потанин ОМ; Карпаева
Карина, Шака ОМ.; Рахметова Саида, Тлектес ОМ.
«Жас касіпкер» номинациясына ие болган
окушылар: Кабдулхамит Шынар, Жамбыл ОМ;
Бердагожа Айнур, Шарбакты ОМ; «Креативті касіпкер» номинациясы бойынша Жанатан НМ-нін
окушысы Кадрбай Аяжан ие болды.
Барлык, катысушылар білім белімінін мадактамасы
мен акшалай сыйлыктармен жане сертификаттармен марапатталды.

© 2026. Все права защищены.