2025-2026

“Атамекен” мектеп жанындағы жазғы лагерьде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында балалар мультфильм тамашалады.Балалар экраннан өздерінің сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен қауышып, мәз-мейрам болды.

“Атамекен” мектеп жанындағы лагерьде балалармен қызықты әрі белсенді ойын өткіздік. Ойын барысында қатысушылар түрлі-түсті жолақтар арқылы жүріп, секіріп және берілген тапсырмаларды орындады. Бұл ойын балалардың зейінін, жылдам ойлау қабілетін, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін және түстерді ажырату дағдыларын дамытуға көмектеседі.

“Атамекен” мектеп жанындағы жазғы лагерьде балаларға "Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" тақырыбында балалармен мәлімет алмасу болды.Негізгі мақсаты:Салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану,күн тәртібін ұмтану,дене шынықтырумен айналысу.
Денсаулық-біздің басты байлығымыз.Әртүрлі дәрумендердің адам организіміне қажеттілігін ұғындыру.

“Атамекен” мектеп жанындағы жазғы лагерінде ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында балалар арасында тоғызқұмалақ, асық ату, ханталапай ойындары ұйымдастырылды. Оқушылар қызығушылықпен қатысып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, ұлттық құндылықтармен жақынырақ танысты.

Лагерь тәрбиеленушілері «Қайта өңделетін заттардан бұйым жасау» тақырыбында шығармашылық жұмыс ұйымдастырды. Балалар пластик бөтелкелер, қақпақтар және басқа да тұрмыстық қалдықтарды пайдалана отырып бұйымдар жасады. Бұл іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті. Балалар қажетсіз заттарға екінші өмір сыйлап, табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың үлгісін көрсетті.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!

Мектеп жанындағы жазғы лагерьде таңғы жаттығу өтті. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен сергіту жаттығуларын жасап, жаңа күнді жақсы көңіл-күймен бастады.

“Атамекен” мектеп жанындағы жазғы лагерьде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорттық ойындар өткізілді. Балалар қызығушылықпен қатысып, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті.

Шарбақты ЖОББМ-нің “Атамекен” мектеп жанындағы жазғы лагерінде балаларға арналған «Ертегілер елінде» атты танымдық викторина ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар сүйікті ертегілерін еске түсіріп, кейіпкерлерді танып, түрлі қызықты сұрақтарға жауап берді. Балалар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, тапқырлықтары мен белсенділіктерін танытты.
Викторина соңында шығармашылық бөлім өткізіліп, балалар сухое валяние әдісі арқылы өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерінің бейнесін жасап, ерекше жұмыстарын ұсынды. Әр туындыдан балалардың қиялы мен шығармашылық қабілеті көрініс тапты.
🌟 Ертегілер әлеміне саяхат жасаған бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерге бөленді!

Шарбақты ЖОББМ жанындағы лагерінде балалармен ” AI-мен танысу”. Жасанды интеллект деген не? ChatGPT және басқа да чат-боттармен жұмыс істеу (Промпт-инжиниринг негіздері) тақырыбында танымдық әрі қызықты іс- шара өткізілді.
Оқушылар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен танысып, ChatGPT және басқа да чат-боттардың қалай жұмыс істейтінін білді. Сонымен қатар, тиімді сұрақ қою және қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін промпт-инжинирингтің негізгі қағидаларын үйренді.
Балалар өз идеяларын жасанды интеллект көмегімен жүзеге асырып, жаңа технологиялардың шығармашылық пен білім алудағы мүмкіндіктерін зерттеді. Болашақтың технологияларымен танысқан еді, күн өте әсерлі өтті!

Шарбақты ЖОББМ жанындағы “Атамекен AI” жазғы лагерінде балалармен «Graphic Design Day» тақырыбында қызықты іс- шара өткізілді. Оқушылар Canva және Figma платформаларымен танысып, олардың мүмкіндіктерін зерттеді.
Балалар өз идеяларын жүзеге асырып, жеке жобаларына арналған визуалды концепциялар әзірледі. Шығармашылық ойлау, дизайн негіздері және цифрлық құралдарды қолдану дағдыларын дамыта отырып, әр қатысушы өз қиялын ерекше жұмыстар арқылы көрсете білді.

Атамекен мектеп жанындағы жазғы лагерьде «Қызыл ту – Көк ту» ойыны өтті. Ойын барысында балалар белсенділік танытып, жылдамдық пен ұйымшылдықтарын көрсетті. Қызықты әрі тартысты өткен сайыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, достық қарым-қатынасты нығайта түсті.

Шарбақты ЖОББМ жаныдағы “Атамекен AI” жазғы сауықтыру лагерінде жоспарға сәйкес «Лингвист» тобы тәрбиеленушілерімен қызықты психологиялық энерджайзер ойындары өткізілді. Ойындардың мақсаты – балалардың белсенділігін арттыру, сөздік қорын дамыту, шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіру және топтық қарым-қатынасты нығайту.
Қатысушылар «Сөзді жалғастыр», «Үш сөзден сөйлем құра», «Аудармашы», «Эмоцияларды тап» сияқты ойындарға белсенді қатысып, өздерінің тапқырлығы мен тілдік дағдыларын көрсетті. Ойын барысында балалар бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасап, көңілді атмосфера қалыптасты.
Осындай сергіту сәттері балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың өз ойын еркін жеткізуіне және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
🌟 Көңілді ойындар – жақсы көңіл күй мен жаңа білімнің бастауы!

Шарбақты ЖОББМ жанындағы «Атамекен» сауықтыру лагерінде бекітілген жоспарға сәйкес балалардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, қарым-қатынас мәдениетін дамыту және ұжымдық ынтымақтастықты нығайту мақсатында психологиялық энерджайзер ойындар өткізілді. Аталған іс-шараны «Өнер» отрядының мүшелері ұйымдастырып, белсенді түрде жүргізді.
Энерджайзер ойындары балалардың сергектігін арттыруға, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға және бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауына бағытталды. Бағдарлама барысында «Шаттық шеңбері», «Комплименттер сыйлау», «Көңілді қимылдар», «Достық көпірі», «Менің жақсы қасиетім» сияқты түрлі психологиялық жаттығулар мен сергіту ойындары ұйымдастырылды. Ойындар балалардың зейінін шоғырландырып, шығармашылық ойлауын дамытуға және жағымды эмоциялар қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында қатысушылар ерекше белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Балалар бір-біріне қолдау көрсетіп, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынастың маңыздылығын түсінді. Әр ойыннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоцияларын жеткізді.
Психологиялық энерджайзер ойындарының нәтижесінде балалардың ұжымда жұмыс істеу дағдылары жетілдіріліп, бір-біріне деген сенімі мен құрметі артты. Сонымен қатар, лагерьдегі жағымды психологиялық ахуал нығайып, тәрбиеленушілердің белсенділігі мен шығармашылық бастамаларының дамуына оң әсерін тигізді. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Шарбақты ЖОББМ жанындағы
Мектеп жанындағы «Атамекен» жазғы сауықтыру лагерінде «Әртүрлі жарақаттар кезіндегі медициналық алғашқы көмек бағыты» күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты:
-Өмірді сақтап қалу. -Жағдайды жеңілдету. -Асқынулардың алдын алу.
Алғашқы көмек — жедел жәрдем келгенге дейін немесе дәрігерге қаралғанға дейін адамның өмірін сақтап қалуға, зақымдану мен асқынулардың алдын алуға бағытталған қарапайым әрі шұғыл шаралар.
Іс-шара балалардың медицина ғылымына қызығушылықтарын арттырды.Жарақат түрлерімен балаларға таныстырдым.
Алғашқы медициналық көмек көрсету маңыздылығын түсіндірмелер ұсындым.
Дұрыс әрекет адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Барлығына бұл білімді меңгеру маңызды!

Шарбақты ЖОББМ жаныдағы “Атамекен AI” жазғы сауықтыру лагерінде жоспарға сәйкес “Информатик” тобының қатысушыларымен психологиялық сергіту және энерджайзер ойындары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балалардың белсенділігін арттыру, логикалық ойлауын дамыту, топтық бірлікті нығайту және көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру.
Қатысушылар «Робот және бағдарламашы», «Wi-Fi сигналы», «Эмодзи көңіл күйі», «Қате кодты түзет» сияқты қызықты ойындарға белсене қатысып, өздерінің тапқырлықтарын, жылдамдықтарын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Осындай ойындар арқылы балалар бір-бірімен жақынырақ танысып, жағымды эмоция алып, уақыттарын тиімді өткізді.
✨ Білім мен технология әлеміне қызығушылық танытқан жас информатиктерге сәттілік тілейміз! 🚀💻📚

Шарбақты ЖОББ мектебі жаныдағы “Атамекен Аl” жазғы сауықтыру лагерінде жоспарға сәйкес “Киіз үй – отбасы ордасы” күні өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен таныстыру, киіз үйдің құрылымы мен маңызын түсіндіру, отбасыға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Күн таңғы аспен басталып, балаларға киіз үйдің негізгі бөліктері – шаңырақ, уық, кереге және сықырлауық туралы мәлімет берілді. «Киіз үйдің құпиясы» бөлімінде оқушылар сұрақ-жауап викторинасына белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті.
Ұлттық ойындар бөлімінде балалар тоғызқұмалақ, шахмат және шашки ойнап, логикалық қабілеттерін дамытты.
«Отбасым – бақыт мекенім» бөлімінде тәрбиеленушілер отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, отбасы құндылықтары жайында ой бөлісті.
Күннің екінші жартысында балалар ПНХЗ демалыс аймағына саяхат жасап, таза ауада футбол және волейбол ойындарына қатысты. Барлық тәрбиеленушілер көтеріңкі көңіл-күймен белсенді демалып, қызықты әсер алды.
Іс-шара соңында балалар киіз үйдің халқымыздың мәдени мұрасы әрі отбасы бірлігінің символы екенін түсініп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттырды.
1-маусым күні Шарбакты ЖОББ мектебінде
"Атамекен AI" сауықтыру лагерінің
ашылуы өтті




Бүгін мектебімізде 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Балалар ән айтып, би билеп, түрлі ойындар мен қызықты бағдарламаларға қатысты.
Балалық шақ – бақытқа толы ең ғажайып кезең. Сондықтан әр баланың күлкісі мен қуанышы біз үшін қымбат. Бүгінгі мереке балаларымызға жарқын әсер, көтеріңкі көңіл-күй және ұмытылмас естеліктер сыйлады.
Іс-шара соңында балаларға балмұздақтар мен тәттілер таратылды.
Барша бүлдіршіндерді Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, оқуларыңызға табыс, балалық шақтарыңыз бақыт пен қуанышқа толы болсын!

Шарбақты ЖОББМ-де әкелер күніне арнап футбол жарысынан іс-шара ұйымдастырылды.
Бүгін – Әкелер күні!
Өмірдегі ең мықты тірегім, ақылшым, қамқор жан – әкемді шын жүректен құттықтаймын!
Сіздің мейіріміңіз бен күшіңіз әрдайым маған сенім мен шабыт сыйлайды.
Бала күнімдегі иығыңыз – менің ең биік тауыма айналған…
Рақмет, Әке, бәрі үшін!
Ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық пен бақыт тілеймін!
Әкелеріміз аман болсын! ❤️

8 маусым күні “Мейірімділік” күнінің жоспарына сәйкес, “Күншуақ” аудандық лагерінде “Жұлдыздық сағат” атты импровизация лық сайысы өткізілді. Мақсаты: Балалардың жазғы демалысын көтеріңкі көңілмен бастау, тапқырлық, сахналық қабілеттерін дамыту.

На память любимой школе по акции : “Мектепке тағзым”
🌳 Деревья высадили первый выпуск школы —
выпускники 1966–1976 гг., 10 “А” и 10 “Б” классы.Мы дарим школе зелёную память о себе —
во имя будущего,
с благодарностью за прошлое.
Пусть эти деревья растут и крепнут,
как наши мечты и воспоминания о школьных годах.Этот зелёный уголок станет живой памятью о тех, кто учился здесь в первые годы существования школы. Мы дарим эту аллею будущим поколениям —
во имя будущего, с благодарностью за прошлое. Выпускники 10 А и 10 Б классов 1976 года

Выпускники Шарбактинской средней общеобразовательной школы Антонюк Владимир, Антонюк Людмила, Антонюк Анатолий, Карелин Владимир, Карелин Павел, Карелин Петр и Карелина Елена приняли активное участие в акции, посвященной озеленению территории школы.
Сегодняшний день стал особенным для нашей школы. Выпускники нашей школы, которые пронесли через годы любовь и благодарность к родным стенам, собрались вновь, чтобы подарить школе символ жизни и преемственности поколений. В рамках акции «Мектепке тағзым» они высадили деревья и ели ( в количестве 43 штук) на территории школы.
Эти саженцы станут живым напоминанием о глубокой связи выпускников с родной школой, будут радовать,дарить прохладу и вдохновение новым поколениям учеников. Дерево — это символ роста, силы и вечности, а потому столь значимый подарок для школы.
Пусть посаженные ели и деревья растут вместе с успехами и достижениями наших учеников, укрепляя традиции и передавая уважение к школе от поколения к поколению.
Выражаем огромную благодарность выпускник
Каникул кезеңіндегі балалардың сауықтырылу демалысын,
бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру
3-маусым куні Шарбакты ЖОББ мектебінде
"Атамекен" спорттық сауықтыру лагерінің
ашылуы өтті






























