
Аққулы ауданы білім беру бөлімі мен Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ортақ жоспарына сәйкес 2026 жылғы 28 қаңтар күні Шарбақты жалпы білім беру мектебінің негізінде Аққулы ауданы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Soft skills пен lifelong learning негізінде сабақтастық» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, білім алушылардың Soft skills дағдыларын дамыту және үздіксіз білім алу қағидаттарын оқу үдерісіне тиімді кіріктіру. Семинарға аудандық әдістеме кабинеттерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сынып педагогтары қатысып, барлығы 40 жуық маман тәжірибе алмасты.
Практикалық бөлімде мектепалды даярлық тобы мен 1-сыныпта өткізілген ашық сабақтар арқылы оқушылардың ойлау, коммуникация, ынтымақтастық дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдістер көрсетілді.




