ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Шарбақты жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Шарбактинская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Шарбақты а.
+7 (718) 392 44 08
sharbakty@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Шарбақты жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Шарбактинская средняя общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
3
Маусым
2026

WhatsApp Image 2026 06 03 at 09.48.44WhatsApp Image 2026 06 03 at 09.50.01

WhatsApp Image 2026 06 03 at 09.14.56 1WhatsApp Image 2026 06 03 at 09.14.56 1

 2026 жылдың 23 мамыр күні Шарбақты мектебі өзінің 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өткізді. Мерекелік кешке ұстаздар қауымы, ардагер педагогтер, әр жылдардағы түлектер, оқушылар, ата-аналар мен құрметті қонақтар қатысты.
Мерейтой иелерін Аққулы ауданы әкімі Руслан Берекелинович Мұқанов арнайы құттықтап, білім ордасының ауданның білім саласындағы ерекше орнына тоқталды. Ол мектеп ұжымына шығармашылық табыс, шәкірттеріне биік жетістіктер тілеп, білім беру ісіне қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Іс-шара барысында аудан әкімі мектепке теледидар алуға арналған сертификат табыстады.
Сонымен қатар, «Мектепке тағзым» акциясы аясында әр жылдардағы түлектер туған мектептеріне құрмет көрсетіп, жалпы құны 12 000 000 теңгені құрайтын сыйлықтар тарту етті. Түлектер мектептің олардың өмірінде ерекше орын алатынын айтып, ұстаздарына ризашылықтарын жеткізді.
Мерекелік кеш барысында мектеп тарихы мен жетістіктері таныстырылып, оқушылардың шығармашылық өнерлері көрсетілді. Қонақтарға әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылып, ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.
60 жылдық мерейтой — мектеп тарихындағы маңызды белес қана емес, ұрпақтар сабақтастығының, ұстаз еңбегіне деген құрметтің және туған мектепке деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі болды.

 

28
Мамыр
2026

WhatsApp Image 2026 06 03 at 10.17.03

«Воспитание честности: инвестиция в будущее»
Сегодня в соответствии с планом методического кабинета отдела образования района Аққулы в Шарбактинской школе был организован районный семинар на тему «Честный гражданин – честный труд – честный доход». В значимом мероприятии приняли участие 150 педагогов, 60 родителей и 160 учащихся.
Основная цель семинара – обсуждение эффективных путей реализации концепции «Честный гражданин» в организациях образования, а также обмен опытом по формированию у школьников таких качеств, как ответственность, честность и патриотизм. Кроме того, особое внимание было уделено популяризации ценностей добропорядочности, ответственности и нравственности среди подрастающего поколения и государственных служащих.
В рамках программы были организованы разнообразные площадки с насыщенным содержанием. Члены клуба «Қыран» продемонстрировали национальные виды спорта, такие как стрельба из лука и кокпар. Гостям были представлены аллея выпускников и выставка «Эксклюзивные изделия ручной работы», где экспонировались изделия из войлока и другие предметы народного творчества.

3
Ақпан
2026

WhatsApp Image 2026 02 03 at 09.33.57

Аққулы ауданы білім беру бөлімі мен Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ортақ жоспарына сәйкес 2026 жылғы 28қаңтар күні
Шарбақты жалпы орта білім беру мектебінің негізінде Аққулы ауданы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен "Soft skills пен lifelong learning негізінде сабақтастық" тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шара барысында педагогтер оқушылардың өздігінен және үздіксіз білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік тапсырмаларға қатысты. Семинар белсенді әрі мазмұнды жағдайда өтіп, қатысушылар тарапынан оң пікірлерге ие болды.
Өткізгендер: Бөшен Ғ.Д; Когобаева А.Е.

28 қаңтар күні өткізілген семинар

2
Ақпан
2026

WhatsApp Image 2026 02 19 at 10.46.01

Аққулы ауданы білім беру бөлімі мен Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ортақ жоспарына сәйкес 2026 жылғы 28 қаңтар күні Шарбақты жалпы білім беру мектебінің негізінде Аққулы ауданы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Soft skills пен lifelong learning негізінде сабақтастық» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, білім алушылардың Soft skills дағдыларын дамыту және үздіксіз білім алу қағидаттарын оқу үдерісіне тиімді кіріктіру. Семинарға аудандық әдістеме кабинеттерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сынып педагогтары қатысып, барлығы 40 жуық маман тәжірибе алмасты.

 

Практикалық бөлімде мектепалды даярлық тобы мен 1-сыныпта өткізілген ашық сабақтар арқылы оқушылардың ойлау, коммуникация, ынтымақтастық дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдістер көрсетілді.

28 қаңтар күні өткізілген семинар

© 2026. Все права защищены.